
Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі мүгедектікке шығу бойынша ықпал жасауын сұраса, енді бірі көпбалалы ана мәртебесін қарастыруды айтты. Төлебилік азамат мектептегі ақша жинау мәселесін айтып, мектеп директорының үстінен шағымданды. Сонымен қатар тұрғындардың бірі мектептегі әлімжеттік мәселесіне және мектеп директорының дөрекі әрекеттеріне наразылық білдірді. Мектепте мұғалімдердің білім сапасын көтеру жөнінде де ұсыныс берілді.