
«Shaanxi Water Development» компаниясы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу, ауызсу жүйелерін жобалау, кәріз жүйелерін жаңғырту, суды тазарту технологияларын жетілдіру және осы салаға қатысты өнімдер өндірумен айналысады. Компания құрамында 19 мамандандырылған кәсіпорын бар. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, компания активтері 150 млрд юаньды (шамамен 21 млрд АҚШ долларын) құрайды. Бүгінде компания мамандары 15 елде ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда.