
Жобаға шаһардың 2040 жылға дейінгі даму жоспары енгізілген. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту, туризм саласын дамыту, тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға басымдық берілген. Сонымен бірге қаланың әрбір секторын дамыту, әлеуметтік нысандармен қамту, жылу және су жүйелерінің әлеуетін халық санына сай кезең-кезеңімен көтеру, шаһардағы автомобиль жолдарын оңтайландыру және өзге де мәселелер қамтылған. 2040 жылы Түркістан қаласы тұрғындарының саны 400 мыңға жетеді деп болжанып, қаланың Бас жоспары соған сай толықтырылған.