✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстарын талқыланды. Нұралхан Көшеров «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінде 40-тан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна, ал жылына 960 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Цехта 32 түрлі өнім шығарылуда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан мемлекетіне де жөнелтілуде. Кәсіпорынға орнатылған қондырғылар Италия және Ресей елдерінен алынған.
✔️Өндіріс орнын аралаған өңір басшысы Нұралхан Көшеров аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан 300 орынға лайықталған жайлы мектептің жай-күйімен танысты. Жауапты басшыларға, мердігерге нақты тапсырмалар берді.
📌– «Жайлы мектеп» жобасы – Президентіміздің тікелей қолдауымен және тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Жаңа оқу жылында мектеп жұмысын бастауы керек, – деген облыс әкімі бірқатар түйткіл бойынша сын-ескертпелерін айтты.
✔️Білім ұясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен салынып жатыр. Бас мердігер – «А-СПЕЦСТРОЙ» ЖШС. Жер телімі – 1,5 га. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын ғимараттың жалпы ауданы 6 667 шаршы метр. 2 қабататтан тұратын мектепте қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым жұмыстары ауыз су, электр, интернетке қосу жұмыстары толығымен аяқталған.
✔️Жалпы ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салу жоспарланған. 2024 жылы 1 мектептің құрылысы аяқталған. Бүгінгі таңда 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, биыл пайдалануға беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі