
Ордабасы ауданында да бұл салаға қызығушылық танытқан тұрғындар бар. Аудандағы Қараспан ауыл округіне қарасты Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Асылхан Мырзаханов ЖК 0,15 гектар үй іргелік жер телімінен жасанды көл жасап, балық шаруашылығымен айналысуды қолға алған.