
Одан кейін облыс әкіміне «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақта фабрикасы мен цехтарының құрылысы таныстырылды. Жұмыс қарқынды жүруде. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейді деп жоспарланған. Онда мақтаны иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу жұмысы жүреді. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.