ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
✔️Жетісай ауданында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтау, орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті. Онда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін аудандық азаматтық қорғау және авариялық-құтқару қызметі қатарынан құрылған 12 команда жетекшілері мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралды, техникалардың, су сору құрылғылары (мотопомпа) мен жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары тексерілді.
✔️Шараның мақсаты – айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашанда дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау, тексеру.
✔️Сонымен қатар аудан басшысы оқу-жаттығу барысында апат орын алған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлді.
✔️Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі