
Түркістан облысында армрестлинг спорты өте жақсы дамыған. Қол күрес шеберлерінің орталығы – Шардара ауданының спортшылары Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласына армрестлингтен Әлем кубогына қатысты. Ел намысын арқалап барған өрендер байрақты бәсекеде өз мықтылығын тағы бір дәлелдеп, 48 алтын алқаны қанжығалады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімін ұсынамыз.