ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
⤵️Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында департамент бірнеше маңызды кеңестер ұсынады:
✔️Тауар туралы ақпаратты мұқият зерделеу: оның кепілдік мерзімі мен жарамдылық мерзімін тексеру.
✔️Күмәнді интернет-ресурстардан тауар сатып алмау және сатушының байланыс деректерін тексеру. Өз құқықтарыңыздың бұзылғанын анықтаған жағдайда, фотосурет немесе бейнемазмұн арқылы дәлелдер жинақтау.
✔️Бұл кеңестер тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау үшін маңызды қадам болып табылады. 2024 жылы Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, облыс тұрғындарының құқықтарын қорғау мен олардың мәселелерін шешу бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету жүйесі күннен-күнге жетіліп, азаматтардың құқықтарын қорғауда тиімді шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
✔️Департаменттің ұстанған принциптері мен әдістері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ең тиімді тәжірибелердің бірі ретінде танылды және алдағы жылдары да бұл бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізіледі.
⤵️Егер өз құқығыңыз бұзылса, дүкен сөрелерінде тауар бағалары көрсетілмегенін байқасаңыз, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өскенін байқасаңыз немесе сапасыз қызмет алған жағдайда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдана аласыз. Бұл үшін келесі тәсілдермен арыз-шағым жіберуге болады:
«Жедел желі» нөмірлеріне хабарласу:
- +7771 322 8282
- +7700 606 0071
- +7775 224 5616
- +7707 347 3876
⤵️Электронды немесе жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына жіберу:
📌Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет.
3. «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қалдыру.