ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
✔️Төлеби ауданында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Адал әрі табанды еңбек етіп, уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген «Ленгір тазалық» КММ қызметкерлері «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді.
✔️Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада еңбек адамдарына арнайы дастархан жайылып, сый-сияпат берілді.
✔️Сондай-ақ кәсібін жетік меңгерген мамандарға ауданның тумасы жеке кәсіпкер «Біркөлік шипажайының» басшысы Асанбай Мыңбаев арнайы келіп, шипажайға жолдама табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі