ТҮРКІСТАН: ТӨРЕАРЫҚ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨРЕАРЫҚ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
✔️Түркістан облысындағы Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округіне қарасты Төреарық елді мекенінде газ құбырынның құрылысы аяқталып, іске қосылды.
✔️«Компания ГазСтрой» мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын 2021 жылы бастап, биыл пайдалануға тапсырды. Жалпы ұзындығы 10,059 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 220-дан астам абонетке «көгілдір отын» жеткізілді.
✔️Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков арнайы келіп, ізгі ниеттерін жеткізді.
📌– Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдарда қаладағыдай жағдай жасалуда. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары қатты отын тұтынудан арылып, табиғи газ тұтынады. Осы орайда баршаңызды газ құрылысының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.
✔️Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен халық қалаулылары «көгілдір отынның» алауын жағып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті.
📌Айта кетейік, аудан бойынша 57 елді мекен болса, оның ішінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған. (61,4 %). Қазіргі уақытта аудандағы Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы 4 кезеңмен іске асырылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі