
– Президенттің игілікті бастамасын іске асыру жолында әрбіріңіздің рөлдеріңіз ерекше. Бұған дейін ынтымақтастықпен жұмыс атқарып келдік. Білім беру мен өндіріс саласындағы серіктестік пен байланысты одан әрі нығайту қажет. Сонда ғана сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жаңа технологияларды меңгерген, тәжірибе алмасуға бейім кадрлар арқылы бірнеше мәселені шеше аламыз. Мамандарды тәжірибе алмасуға жолдап ғана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасуына дейін бірлесіп жұмыс жүргізу керек. Жастардың талабын, ынтасын ояту үшін дуалдық оқыту жүйесін дамыту өзекті болып отыр. Студенттер теориялық біліммен шектелмей, өндірістік тәжірибе алып, сол өндіріс орындарына жұмысқа орналасулары тиіс. Қазіргі таңда кәсіпорындардың колледжерге қамқорлық көрсетуі деген ұғым пайда болуда. Өзіне қажетті мамандарды даярлауға көмектеседі. Бұдан бөлек электронды еңбек биржасының мүмкіндігін ұтымды пайдаланыңыздар. Проблемаларды жасырмай ашық талқылауға және ұсыныстарды ескеруге әрдайым дайын екенімізді ескерткім келеді, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.