ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өрейлі ой, салмақты пікір айтылған кездесуде облыс әкімі қазыналы қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Ел қазыналарының базынасына құлақ асып, әлеуметтік мәселелерді бірге шешуге шақырды.
📌– Өңірімізді газдандыру, ауыз сумен қамту секілді маңызды мәселелер басты назарда. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, жұмыстар халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады. Халықпен етене жақын қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Ұсыныс-тілектер мен ескертулер әрдайым назарда, - деді облыс әкімі.
✔️Облыс әкіміне «Арыс жылу» МКК қарасты модульдік қазандықтың жұмысы таныстырылды. Аталған қазандық өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға ауыстырылған болатын. Қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған. Бүгінде «Арыс жылу» мекемесі арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі