
– Биыл қар аз түсті. Қыс суық бола қойған жоқ. Жеңіл жамылғының астына егілген көкөніс көшеті тез тамыр байлады. Жиналып жатқан қырыққабаттың әрқайсысының салмағы 4 келіге дейін барады. Қырыққабатты ертерек ексек, мұнан кейін сәуір, мамыр айынан бастап екінші өнім егеміз. Ерте шықса бағаға да әсер етеді. Қанша ерте шықса, сонша қымбат болады, – дейді Шералы Шырынбайұлы.