ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА БАРДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА БАРДЫ
✔️Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа барды.
✔️Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.
✔️Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.
📌Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.
📌Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі