
Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, әрбір еңбек адамының қоғамдағы рөлін айрықша атап өтуге бағытталған. Осыған орай, бүгін «Ұлы дала елі» орталығының ұжымы қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға құрмет көрсетті. Қыс ауасында таңмен таласып жұмыста кіріскен тазалық қызметкерлеріне жылы шай мен тәттілер ұсынып, көңілдерін көтерді.