
Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан және Еуропа елдеріне экспорттауда. Дәл осындай кәсіпорынды жеке кәсіпкер Қабыл Боев іске қосқан болатын. Құны 3 миллиард теңгені, қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайтын мақта талшығын өңдейтін зауытта 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.