ТҮРКІСТАН: ЖӘРМЕҢКЕДЕ КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖӘРМЕҢКЕДЕ КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛДЫ
✔️Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға тікелей ықпал жасауда.
✔️Түркістан қаласында апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бүгінгі кезекті жәрмеңке «Turan Mall» ойын-сауық орталығының алаңында ұйымдастырылды. Келген халықтың қарасы қалың болды. Тұрғындар мүмкіндіктен қалыс қалмай, күнделікті тұрмысқа қажет өнімдерді тиімді бағада алғандары үшін ризашылығын білдірді.
✔️Жәрмеңкеде жалпы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар төмен бағада ұсынылды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз – 100 теңгеден, қырыққабат – 55 теңгеден, пияз – 77 теңгеден, нан бөлкесі – 70 теңгеден, жұмыртқа данасы – 40 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, аз тұзы – 45 теңгеге қолжетімді болса, І сұрыпты бидай ұны – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңге, сүт – 260 теңге, күнбағыс майы – 520 теңгеден саудаланды.
📌Аталған корпорацияның өкілі Лаура Жанасбаеваның айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықта картоп бағасының қымбаттауы өзекті мәселе болып тұр. Дегенмен Түркістан өңірінің азық-түлік тұрақтандыру қорында көкөністер де, бакалеялық өнімдер де жеткілікті. Бағасы шарықтап тұрған картоп 3 есе арзан бағада халыққа ұсынылып жатыр. Сөрелерді бос қалдырмау мақсатында қордағы өнімдер базарлар, ірі сауда орындары, әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарға тұрақты түрде жеткізіліп, арнайы бекітілген бағада сатылуда.
📌Айта кетейік, бұл бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да жалғасады. Тұрақтандыру қорының тауарлары базарларға шығарылса, көшпелі жәрмеңкелер апта сайын өткізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі