ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
✔️Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
✔️«Түркі елдерінің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне де тікелей байланысты», деген қала басшысы тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
✔️Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.
📌Шараға 500-ге жуық түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.
📌Айта кетейік, облыс аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Биыл бағдарлама аясында 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі