ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ РЕТ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ РЕТ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
✔️Бүгін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен облыс орталығында азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының жәрмеңкесі өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама шаһарда жиі өткізіліп келеді.
✔️Жәрмеңкеде тұрмысқа қажетті 19 түрлі азық-түлік тауарлары нарықтағы құнымен салыстырғанда 30-40 пайызға төмен бағада ұсынылды.
📌Атап айтқанда, тұрғындар ет, картоп, ұн, қант, май, күріш, макарон секілді күнделікті тұтынатын тауарларды арзан бағада сатып алып, жәрмеңкенің игілігін көрді.
📌Сондай-ақ, баға тұрақтылығын сақтау және тиімді сауда-саттық жүргізу бағытындағы жәрмеңкелерді жыл бойы өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі