
Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Марлен Қалдаровтың айтуынша, басқармаға 2024 жылдың басынан тапсырыс берушілерден жалпы сомасы 216,3 млрд теңгеге 1 346 өтінім келіп түскен. Оның ішінде жұмыстарға – 97,8 млрд теңгеге 338 өтінім түссе, қызметтер бойынша 27,2 млрд теңгеге 598 өтінім қабылданған. Тауарлар бойынша 91,3 млрд теңге 410 өтінім түскен. Бүгінгі таңда 216,3 млрд теңгеге 1345 өтінімнің жұмысы аяқталған. Былтыр өтінімдер 2023 жылмен салыстырғанда 80%-ға немесе 90,7 млрд теңгеге ұлғайған.