Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын кезекті рет жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жауапты сала башыларымен бірге көтерілген мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
Азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдаған аймақ басшысы, халықтың әл-ауқатын көтеру, ауылдарды көркейту жұмыстары басты назарда екенін айтып өтті.
Қабылдауға Кентау қаласы, Түлкібас, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген азаматтар мен Түркістан қаласының тұрғындары кәсіпкерлік, инфрақұрылым, білім салаларына қатысты мәселелерді қозғап, елді мекендерді абаттандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Дархан Сатыбалды әрбір көтерілген мәселе бойынша заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі