
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары жүруде. Оның ішінде Түркістан қаласына ерекше көңіл аударылған. Жұмыстар нәтижесінде көрсеткіштер жақсаруда. Өнеркәсіп өнім көлемі 19 902,5 млн. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 11 845,6 млн. теңге немесе 107,8%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 3466,3 млн. теңге немесе НКИ 104,0% құрады, жылыжайлар – 1,5 га. 2024 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысымен 22 002 бірлік шағын және орта бизнес тіркелген. Қалаға 163 185,4 млн. теңге (138,3%) инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестиция 104 508,9 млн. теңгеге ұлғайған. Құрылыс жұмыстары: 109 858,5 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілгені – 152 257 шаршы метр оның ішінде 82 426 шаршы метрі жеке тұрғын үйлер есебінен салынған