Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары да атсалысты.
Тазалық шарасын қоғам белсендісі, "ТазаLike, ТазаLife" жобасының авторы Әсел Бимырзаева ұйымдастырып, оған ерікті азаматтар мен № 8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
- Балалардың санасына тазалықтың не екенін түсіндіру үшін оны өзімізден бастауымыз қажет. Жалпы жас буынға қоршаған ортаны қорғап, таза ұстауды насихаттауымыз керек. Жасөспірімдерді осындай эко-жобаларға қатыстыру арқылы жақсы нәтиже көрсете аламыз деп ойлаймын, - деді табиғат жанашыры.
Сенбілік барысында қаладағы Сауран тұрғын алабына қарасты балалар ойын алаңшалары қоқыстан тазартылды. Шара соңында оқушылар көңілді ойын ұйымдастырып, сенбіліктің сәнін келтірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі