Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы барысында, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 21 382 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде 13 220-сы жалпы пайдалану орындарының ластануы, 5382-сі абаттандыру ережелерін бұзу болса, 3570-і – жол жамылғысының ластану фактілері. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі