ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ 61 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ 61 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Облыс орталығындағы 61 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев мәлімдеді.
8 әлеуметтік нысан, 3 саябақ, 5 қабатты 20 тұрғын үй құрылысы мен 30 нысанда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жасалып жатыр. Бұдан бөлек облыс орталығында 5 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған нысандар Бекзат мөлтек ауданы, Мақтазауыт, Баянауыл аумағы мен ТГЖД шағын ауданында және М. Мақатаев көшесінде салынуда.
М.Тұрсынов көшесінде орналасқан стадионды реконструкциялау өткізіліп, Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 20 тұрғын үй (800 баспана) бой көтеруде. Сондай-ақ тұрғындар жайлылығы үшін Парасат саябағына реканструкциялау жұмыстары жасалса, шаһардағы саябақтар саны тағы Белсенді демалыс саябағы мен айналма тас жолы бойындағы демалыс аймағымен толығуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі