Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне Садырханов Жеңіс тағайындалды.
Садырханов Жеңіс Жауғаштыұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ Гуманитарлық-заң университетін, 2006 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Мамандықтары – құқықтану, құқықтану магистрі.
Еңбек жолын 2002-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық сотында бастаған. 2005-2009 жылдары ҚР Әділет министрлігінде, 2009-2010 жылдары ҚР Бас Прокуратурасында жұмыс істеген. 2010-2013 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ, 2013-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі АҚ, 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, 2019-2021 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, 2022-2024 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі