ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 9 АЙДА 250 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 9 АЙДА 250 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Түркістан қаласына биыл 348,9 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд. теңгеге жетті. Бүгін бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.
- Шаһарда 2023 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 222,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 15%-ға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылы өнеркәсіп саласында қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өсім 4,3%-ды құраған. Ал өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгеге жеткен, - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы облыс орталығына келетін туристердің артқанын да айтты. 2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, биыл қаңтар-қыркүйек айларында Түркістанға 6,7 мың шетелдік турист келіп, көрсеткіш 24,1%-ға өскен.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі