ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Грекияның Афина қаласында жүзуден «Acropolis Swim Open 2023» халықаралық турнирі өтті. Айтулы сында Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебінің өкілі Аделаида Пчелинцева күміс медаль жеңіп алды.
Ол 50 метрді брасс әдісімен 31,46 секундта жүзіп өтті. Ал бірінші орынды латвиялық спортшы алса, қола жүлде Норвегия спортшысына бұйырды.
Грекия төріндегі сынға әлемнің 26 елінен және 118 клубынан 678 спортшы қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі