1 мамыр Бірлік күніне орай «Ынтымақ – достық кепілі» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Аудан көлемінде қызу жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына тұрғындар, барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Соның ішінде, ауданның, елді мекендердің кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, бүгінгі сенбілік аясында аудан бойынша мыңға жуық адам, 14 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 68,2 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі