ДЕМЕУШІЛЕР 2 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ДЕМЕУШІЛЕР 2 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Түркістан облысында демеушілер қолдауымен 2 мыңнан астам балаға мектепке арналған оқу құралдары үйлестірілді. «Самұрық-Қазына» қорының демеушілігімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өңірімізде қарқынды түрде жүргізілуде.
Балаларға оқу құралдарын үйлестіру, табыстау жұмыстарын жастар мен волонтерлер ұйымдастырып жатыр. «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы жыл сайын өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.
Акция 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр. Акция өткізілген 10 жыл ішінде 2 млн. 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. 800 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.
«Самұрық-Қазына» қоры еліміз бойынша 12 мың балаға бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар таратуды көздеген. Түркістан облысында бұл сый аудан, қала бойынша 2403 оқушыға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі