ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ
Бүгін Елордада медицина қызметкерлері мерекесінің қарсанында "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммиті өтті. Саммит аясында еліміздегі медициналық ұйымдар арасындағы "ALTYN SHIPAGER" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
"ALTYN SHIPAGER" сыйлығының нұсқасы бойынша "Үздік көпбейінді облыстық аурухана" атағының иегері болып Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы атанды. Бұл өңірдің жетекші клиникасы, оның 27 - клиникалық бөлімшесі, 2 – анестезиология және реаниматология бөлімшесі, 5 - емхана, оның ішінде онкологиялық орталық және параклиникалық бөлімшелері бар.
Ал ең үздік босандыру ұйымы болып Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығы жарияланды, ол тек өңірдің ғана емес, Қазақстанның да ірі перинаталдық орталықтарының бірі болып табылады. №1 ОПО-ның төсек-орын қоры 300-ді, штат саны 600-ден астам қызметкерді құрайды. Жыл сайын орталықта 10 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келеді.
Сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы үздік үштікке Түркістан облыстық балалар ауруханасы, Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Кентау қаласындағы «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы шықты.
Саммитке ҚР Үкіметінің мүшелері, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, бизнесмендер, Денсаулық сақтау саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "ALTYN SHIPAGER" Ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, медицина қызметкерлері күнін мерекелеу аясында және Президенттің "Жаңа Қазақстан" идеясы аясында іске асырылатын іс-шараны ұйымдастырушы болып табылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі