ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі гибридті ота сәтті жасалды. Науқастардың бірінде инфраренальды қолқа күретамыр мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы, екінші науқаста кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы анықталған. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталды. Ол – өмірге өте қауіпті.
Нұр-Cұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Евгений Мун қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп, науқастарға ота жасады. Отадан кейін науқастар бейінді бөлімшеге ауыстырылды.
Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін оталар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Рыжковтың бағалауы бойынша өңір дәрігерлерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық. Ота барысы бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс істеді.
Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай оталарды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі