ТҮРКІСТАНДА «PECHАKUCHА NIGHT» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «PECHАKUCHА NIGHT» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Түркістандағы «Farab» кітапханасында «Печа-куча» форматындағы кеш өтті. Оған Түркістан өңірінің жастары мен қонақтары және жас спикерлер қатысты. Жастардың интеллектуалды кешіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов қатысып, жас спикерлердің білімін жоғары бағалады. Қоғамның сан-саласы туралы еркін пікір алмасып, өткір сұрақтар қойып, бір-біріне кеңес берген жас өрендерге сәттілік тіледі.
Бастауын Жапониядан алатын бұл жобаның ерекшелігі – қоғамның сан саласында жетістікке жетіп жүрген азаматтар жастарға өзінің жетістік сырын арнайы слайдтқар арқылы қысқа-нұсқа түсіндіреді. 6 минут 40 секундта презентациялармен өрнектеп, өз тәжірибесімен бөліседі.
Түркістан төріндегі «PechаKuchа night» интеллектуалдық жобасында Түркістан қаласының тумасы, «Абай-Верн» (Campus France) стипендиясының иегері, «Aix Marseille University» оқу ордасының түлегі, Болат Жандәулет, АҚШ-тағы «Мичиган» университетінің түлегі Сымбат Ниязбек, «Work and Travel» жобасының қатысушысы Диас Таңатар және өзге де спикерлер замандастарымен тілдесті. Өздерінің қызықты оқиғаларын айтып, өмірде кездесетін қиындықтардан сабақ алып, жеңіске жету керек екенін жеткізді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жаңа стильдегі өнерпаздар да түркістандық жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, Еуропада пианиносымен қазақ әндерін насихаттап жүрген Темірлан Бейсенбай жастарды лирика әлеміне жетеледі. Shiza және Yenlik деген атпен танылған жастар да өнер көрсетіп, замандастарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі