ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 16 АДАМДА COVID-19 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 16 АДАМДА COVID-19 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 16 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0,10% құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 930 орын бар, 625 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 15 254 жағдайы тіркелді.
Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның І-компонентімен 973890 адам, ІІ-компонентпен –890558 адам егілген. Кейінгі тәулікте 150 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі