СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2407 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2407 АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 42 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,28% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 079 828 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 576–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 958 жағдай тіркелді. Олардың 7565-де ауру симптомсыз өткен болатын.
Түркістан облысында 959982 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 2407 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 863837 адам вакцина алды.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі