ШЕТЕЛДІК МАМАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК МАМАН ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде шеберлік сағаты өткізілді. Беларусь Республикасының денсаулық сақтау үздігі, буын патологиясы және спорттық жарақат зертханасының меңгерушісі, жоғары санатты травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Мурзич түркістандық дәрігерлерге өз білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті.
Дәрігерлерге "Жамбас сүйектерінің сынықтарын хирургиялық емдеу"тақырыбы бойынша құнды кеңестер берілді. Бұл күні шетелдік маманның қолдауымен науқастардың жамбас сүйектеріне металл конструкциялары қолданылып, 2 ота жасалды. Жамбас сүйектерін қалпына емдеудің заманауи тәсілдері үйретілді. Бұл оталар арқылы науқастардың жамбас сүйектерін тез қалпына келтіріп, аяқтан тұрғызуға мүмкіндік бар.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі