Алғашқы раундта британдық боксшы өте белсенді болған. Бірақ сергек әрі сауатты әрекет еткен Сәкен адуынды қарсыласын қарымта соққылармен күтіп алып жүрді. Әттеген-айы, бірінші раундта Сәкен ногдаун алып қалды. Дегенмен екінші және үшінші раундтарда Сәкен үнемі шабуылдап, басым болып тұрды. Соқылары да дөп тиген. Төрешілер олай ойламапты.
Нәтижесінде Яфай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Сәкен Бибосынов — Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны. Ұлттық құрама мүшесі. Отандасымыз Токио төрінде 4 кездесу өткізді. Ол Пуэрто-Рико, Франция, Испания боксшыларын жеңді. Жалпы Түркістан облысынан Токио Олимпиадасына 5 спортшы аттанған болатын. Солардың бірі қола медальға ие болып, сенімді ақтады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі