САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы 93 млрд. теңгенің көлемінде өнім өндірілген. Осылайша сарыағаштықтар жоспарды асыра орындап, 104 % -ға жеткізген. Өндірілген өнімнің 22 млрд. теңгеден астамы мал шаруашылығына, 70 млрд. теңгеге жуығы өсімдік шаруашылығына тиесілі. Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 17,5 мың тонна мал және құс етін (тірі салмақта), 67 млн-ға жуық дана жұмыртқа, 54 мың тонна сүт өнімдерін шығарды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда. Аталған бағытта былтыр жалпы 400-ден астам шаруа қожалықтары тарапынан 921 гектар алқапқа әртүрлі көкөністер және дәнді дақылдар (қызанақ, қияр,болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, қырыққабат, жүгері т.б.) егілді.  Соның ішінде жылына үш өнім алу үшін 400 га жерге егін егіліп, 5 мың тоннадан астам өнім алынды.

74 мың тонна көкөніс дақылдары жиналып, оның 11 мың тоннаға жуығы аудан аумағында саудаланды. 30 мың тоннасы облыс аумағына, 27 мың тоннасы Қазақстанның басқа қалаларына жөнелтілді. Жеті мың тонна жуық көкөніс дақылдары көршілес Ресей мемлекетіне экспортталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі