«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Әділет» партиясымен бірлесіп, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтен 1200-ге жуық адам қатысып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спортшылар және еріктілер белсенділік танытты.
Сенбілік барысында жол бойындағы қураған шөптер тазартылып, Сырдария жағалауы тұрмыстық қалдықтардан аршылды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұрамыз саналатын Ұзын ата кесенесінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы аудан тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің көркеюіне және санитарлық тазалықты сақтауға өз үлестерін қосуда.
Таза аудан – баршамызға ортақ жауапкершілік!