ШАРДАРА АУДАНЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Шардара ауданында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және қоғамдық орындардың көркін жақсарту бағытында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, Каратунов Еркебұлан Абдугафурұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ильясов Сержан Абдухарұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын қоса алғанда 1000-ға жуық адам қатысты.
Іс-шара барысында елді мекендердегі көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен оларға іргелес аумақтар тазаланып, тұрмыстық және басқа да қалдықтар жиналды. Жұмыстарға 10-ға жуық арнайы техника – жүк көліктері, тракторлар, тиегіштер және басқа да коммуналдық техника тартылып, алдын ала есеп бойынша 60-70 тоннаға жуық қалдық арнайы орындарға шығарылды.
Сонымен қатар, қоғамдық орындардың айналасын ретке келтіру, қоқыстарды жинау, санитарлық аумақтарды тазалау және елді мекендердің көркін жақсарту жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке аға буын өкілдерінің, ауыл ақсақалдарының және жастардың белсенді қатысуы тазалықты сақтау ісінің ортақ жауапкершілік екенін көрсетті. Бірлесіп атқарылған жұмыс тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын нақты іспен көрсетуге мүмкіндік берді.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар бір күндік науқанмен шектелмей, аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасады. Өйткені әрбір көше мен аула, әрбір қоғамдық орынның таза әрі көрікті болуы – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі.
Тазалық – ортақ жауапкершілік! Туған жерге жанашырлық – нақты іспен көрінеді!