ҚҰРЫЛТАЙ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАУДА

ҚҰРЫЛТАЙ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАУДА
 
Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Осы маңызды саяси науқанға орай Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік тегін қатынауда. Атап айтқанда, Түркістан мен Арыс қаласында және Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды ақысыз тасымалдауда. Бұл - тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін облыс көлемінде 65 инватакси, 49 әлеуметтік такси, 56 қосымша автокөлік, 209 сурдоаудармашы және 770 жеке көмекші жұмылдырылған.