ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 20 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 20 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ
Бүгін елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде. Маңызды қоғамдық-саяси науқанға Түркістан облысының тұрғындары белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау учаскелеріне тұрғындар көптеп келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасауда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Түркістан облысында сайлаушылардың 20,39 пайызы дауыс беруге қатысқан. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындарының сайлау үдерісіне жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.
Өңірде сайлаушылардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген. Түркістан облысында барлығы 952 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26 учаске жабық нысандарда орналасқан. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар 14 873 сайлаушы үшін дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған. Жалпы Түркістан облысында 1 204 659 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл өңір халқының 56 пайызы.