ҚҰРЫЛТАЙ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
 
Бүгін елімізде жаңа Конституцияға сәйкес Ұлттық құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтуде. Түркістан облысында сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады.
Түркістан қаласы мен Бәйдібек және Ордабасы ауданындағы сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, сайлаушыларды ерекше ықыласпен қарсы алуда. Бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеп, маңызды саяси науқанға ұлттық болмыс пен рухани мән беруді көздейді.
Сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес ашық, әділ әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету үшін таңертеңнен бастап өз міндеттеріне кірісті.