КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС: ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС: ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданында ішкі саясат мәселелері жөнінде көшпелі отырыс өтті.
Басқосуда Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындау, жастар саясатын іске асыру, өңірдегі құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мен тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыста жауапты мемлекеттік органдардың атқарылған жұмыстар жөніндегі есептері тыңдалып, алдын алу шараларының тиімділігін арттыру және жүйелі жұмыстарды үйлестіру мәселелеріне назар аударылды.
Басқосу барысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін зерделеуді, проблемалық мәселелерді айқындап, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ жауапты органдарға ішкі саясат саласын жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі