ҚҰРМЕТТІ СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының 2026 жылғы 7 тамызда сағат 11:00-де Созақ ауданының және сағат 15:00-де Бәйдібек ауданының тұрғындарымен өтеді деп жоспарланған кездесулері кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Кездесулердің өтетін күні мен уақыты қосымша анықталып, алдын ала ресми ақпарат көздері арқылы жарияланады.
Баршаңызды түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жаңартылған ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан қадағалай аласыздар.