Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 7 тамызында, сағат 15:00-де өтетінін хабарлаймыз.Тұрғындармен кездесу Шаян ауылы, Жастар сарайында өтеді. Сонымен қатар, облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 16:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 5 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Өтетін орны: Шаян ауылы, Жастар сарайы Б.Қарашаұлы №53.

Күні: 07 тамыз

Уақыты: 15:00