
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Сарыағаш» теміржол вокзалының құрылыс барысымен танысты. Нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексерді. Жұмыстың орындалу барысына қатысты сын-ескертпелер айтып, мердігер мекемеге құрылысты жеделдетіп, сапаны қатаң бақылауда ұстап, нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды.