ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарында санитариялық талаптарды сақтау, аумақтарды абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы аудан аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету нысандарын аралап, кәсіпкерлерге санитариялық талаптарды сақтау, іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету, ғимараттардың сыртқы келбетін ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау және заңсыз орналастырылған жарнамаларды жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кезекті рейдке аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш, Жетісай ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық полиция бөлімінің, төтенше жағдайлар саласының, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Жетісай газ шаруашылығының, Мақтаарал электр желілерінің, газ инспекциясының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және өзге де жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Рейд барысында анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде нақты ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы түсіндіру және зерделеу жұмыстары ауданның барлық елді мекендерінде кезең-кезеңімен жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі