
Бүгінде Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Оған қоса, негізгі инвестициялық алаңдар бар. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар және облыстық барлық аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер қарастырылған.